KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
492.22 529.38 5.03

Ядролық нысандарды қорғау. Өскеменде АҚШ-пен біріккен оқу-жаттығу орталығы ашылады

22.01.2020, 04:12 152

Өскемен қаласында ҚР Ұлттық ұланы мен АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігі бірлесіп антикризистік оқу-жаттығу орталығын ашпақ, деп хабарлайды Алтайньюс Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл оқу орталығы Қазақстан мен АҚШ арасындағы 1993 жылғы 13 желтоқсанда қол қойылған «Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бірлескен бағдарламасы аясында ашылады. 2018 жылдан бастап АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігі (DTRA) өзінің мердігер ұйымы URS Federal Services Inc арқылы және ҚР Ұлттық ұланының көмегімен ескі әскери казарма ғимаратын заманауи оқу базасына айналдырды.

«Жаңа оқу орталығының негізгі мақсаты – ядролық нысандарды физикалық қорғау саласында мамандарды даярлау. Оқу бағдарламаларында мамандар тактикалық дайындықты, төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуді және ядролық нысандардың физикалық қауіпсіздігінің заманауи жүйелерін үйрене алады. Орталық барлық қажетті жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген» – дейді ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив