Абай туралы телесериал түсіріледі
Абай туралы бірнеше деректі фильм мен телесериал түсіріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. Оның айтуынша, Абай жылында 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Басты жиынның бірі – тамыз айында Семей қаласында өтетін ғылыми-практикалық конференция. Сондай-ақ қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында ауқымды халықаралық конференция өтпек.
– Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздері он бірдей шет тіліне аударылады. Әлбетте аударма ісінің сапалы орындалуына басымдық береміз. Сонымен қатар Абай туралы бірнеше деректі фильм және телесериал түсіру жоспарланып отыр, – деді Мәдениет министрі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты шара өтіп жатыр.