KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

ШҚО-ның 500-ге жуық тұрғыны іздестірілуде

21.01.2020, 08:59 141

Қазіргі уақытта 11 133 Қазақстан азаматы іздестірілуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің деректеріне сүйенсек, 11 133 адам іздестірілуде, оның 2 247-сі – хабар-ошарсыз кеткендер. Мамандардың айутынша, бұл адамдарға әртүрлі себептермен іздеу салынған.

– Іздестіру жұмыстарын ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс органдары, экономикалық тергеу қызметі, мемлекеттік күзет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асырады. Ал Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет Мемлекетаралық ақпараттық деректер банкімен бірлесіп, іс-қимыл жасайды, – деп жазды Комитет Facebook-ке.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы қаласында 328, Алматы облысында 309, Шығыс Қазақстан облысында 221 және Қарағанды облысында 221 адам хабар-ошарсыз кеткен. Сондай-ақ ел ішінде тергеуден және соттан бой тасалаған 2 453 адам іздестірілуде. Айталық Алматы қаласы бойынша 463, Алматы облысында 245 және Шығыс Қазақстан облысында 203 тұрғынға іздеу салынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу