KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
450.79 482.21 5.05

Семейде жол ақысы 140 теңге болды

20.01.2020, 10:57 159

Семейдің қоғамдық көлік билетіне жаңа баға бекітілді. Жол ақысы ересектер үшін 140 теңге, 7-15 жас аралығындағы баллаар үшін – 70 теңге болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алайда бұл баға билетті ақшаға сатып алғандар үшін ғана арналған екен. Көлік картасы арқылы сатып алынған билеттің бағасы - 80 теңге.

Өткен жылдың 3 желтоқсанынан бастап Семейде электронды билеттеу жүйесі енгізілгенін естеріңізге саламыз. Қала әкімінің ресми Instagram-парақшасында қазіргі таңда 147 мың көлік картасы іске қосылғаны туралы хабарланып отыр. Операторлар 328 мың валидатор мен ұялы терминалдар сатып алған екен.

Енді ақшаға билет алатындардың жол ақысына екі есе шығынданатынын ескертеміз. Ал жол ақысын төлеуден бас тартқандарға 2 АЕК (5302 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Бұларға арнайы құрылған мобильді топтар бақылау жасайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив