Шетелден әкелінген көлікті тіркеу мәселесін түсіндіретін арнайы желі іске қосылды
Шетелден сатып алынған көлікті тіркеу мәселесін түсіндіретін арнайы желі іске қосылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ішкі істер министрлігі шетелден ел аумағына әкелінген автокөліктерді тіркеу жөніндегі мәселелерді түсіндіру үшін «Тікелей желі» телефон желісін іске қосты. Желідегі әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері жұмыс күндері үзіліссіз қызмет көрсетеді.
– «Тікелей желі» 8 (7172) 71 58 21, 71 58 39, 71 58 04, 71 58 06, 71 58 62 телефондары бойынша кеңес беруге дайын, – деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз