KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Өскеменде шағын автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысып қалды

15.01.2020, 09:07 124

Өскеменде шағын автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға 14 қаңтар күні Облыстық драма театрдың маңында болған.

- Бағдаршамның жұмыс істемей тұрғанына бірнеше күн болды. Сондықтан да  жол-көлік оқиғасына осы мәселе түрткі болды деп есептеймін. Жолды кесіп өту өте қорқынышты. Дәл осы жолмен балалар да көп жүреді, қауіпті, - дейді тұрғын Самал Бақытжанқызы.

Дәл осы күні күндіз Қазақстан көшесінің бойында да автобус пен машина соқтығысып қалған еді.

Өскемен Полиция басқармасының берген мәліметіне сенсек, жыл басынан бері қоғамдық көліктердің қатысуымен жеті жол-көлік оқиғасы тіркелген. Айта кететін тағы бір жайт, қаңтардың 15-17 аралығында «Автобус» оперативті-профилактикалық шарасы жүргізіледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив