KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, З
474.71 511.74 5.54

Депутаттар Өскемендегі «Ана мен бала орталығының» ұжымымен кездесті

13.01.2020, 08:50 158

Өскеменде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары «Ана мен бала орталығының» ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жиында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің жаңа жобасы туралы сөз қозғалды.

Мәжіліс депутаттарының айтуынша, қазіргі уақытта заң жобасының жаңа нұсқасы жан-жақты талқылануда. Осы уақытқа дейін 600-ден астам ұсыныс келіп түскен. Депутаттар, мемлекеттік орган өкілдері, сарапшылар мен медицина қызметкерлерінен жасақталған арнайы жұмыс тобы өтініштерді саралап, сараптап жатқан көрінеді.

– Жаңа заң жобасында медицина қызметкерлерінің мәртебесін айқын көрінуі тиіс, – деді Мәжіліс депутаты Ж.Жарасов.

– Айталық қызметкерлер жалақсын көтеру мәселесі шешімін табады. Егер дәрігерлер өз кәсіби біліктілігін шыңдай білсе, олар тиісті мөлшерде сыйақы алуы тиіс, – деп түйді Мәжіліс депутаты Ирина Унжакова.

Осыдан кейін депутаттар «Ана мен бала орталығының» жаңа ғимаратына барды. Озық технологиямен толық жабдықталған 200 орындық нысанның жұмысымен танысып, облыстың медицина саласындағы жетістіктерін көрді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив