Өскемендегі Арбатта көлікпен ойқастағандар ұсталды
Өскеменнің Бейбітшілік көшесінде осы жазда пайда болған Арбатқа көлікпен кіріп кететіндер бар екен. Бұл көшеде көлікпен жүруге тыйым салынғанына қарамай ойқастаған қаланың екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Арбатқа көлікпен кіріп кеткені былай тұрсын, олар темір тұлпарларын фотосуретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бұл сурет тәртіп сақшыларының назарына ілігеді.
Полиция оларды жедел түрде анықтады. Қазір осы оқиғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып отыр.
Оқи отырыңыз