KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

Қалалар арасында көлікпен жүруге тыйым салынған

18.05.2020, 17:29 222

Қазір Қазақстанда карантиндік шараларының көбі алынса да, қалалар арасында көлікпен жүруге әлі болмайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлім етті.

- «Бүгінгі таңда қалалар арасында әлі блокпосттар тұр. Облыстар пен аймақтар арасында қозғалысқа тыйым салынған. Әзірге бұл блокпосттар алынбайды. Өйткені әр аймақтағы эпидемиологиялық жағдай әр түрлі. Шымкент пен Атырау облысында айтарлықтай өсім байқалады. Карантиндік шараларды жұмсарту мен блокпосттарды алу аурудың таралуына әкеліп соғуы мүмкін», - деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу