Ауа-райының қолайсыздығынан кеше жабылған тас жолдар ашылды
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Кеше ШҚО аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар тас жолдар жабылған еді. «Қазавтожол» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, жабылған жолдардағы көлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
29 желтоқсанда сағат 22.45-те «Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар тас жолда (858-906 ш, Шар қ. – Қалбатау а.) учаскелерінде жеңіл автокөлік үшін қозғалыс ашылды.
30 желтоқсанда сағат 06.30-дан бастап «Өскемен-Шемонаиха» тас жолының 15-102 шақырымындағы Глубокое к. – Шемонаиха қ. учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашық.
Сағат 06.45-тен бастап «Алматы-Өскемен» (971-1068 км, Қалбатау а.-Қасым-Қайсенов к.) республикалық маңызды автожол ашылды.
Сағат 07.00-де «Семей-Қарауыл» (км 4-182) облыстық маңызды тас жолдарында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс ашық.
Сағат 09.00-ден бастап «Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха» км 0-87, «Бородулиха-Жезкент» км 0-49 облыстық маңызды тас жолдар ашылды.