KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

ШҚО-да ай сайын екі автокөлік ұрланады

29.12.2019, 10:19 163

Сақтандыру компанияларының деректеріне сәйкес Қазақстанда орташа есеппен ай сайын 62 көлік ұрланады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі

Ұрлық саны бойынша Алматы алғашқы орында тұр. Мұнда ай сайын орташа есеппен 21 автокөлік ұрланады. Екінші орында – Қарағанды (8 ұрлық), үшінші орында – Шымкент пен Түркістан (5 ұрлық), төртінші орында – Қостанай облысы (4,5 ұрлық), бесінші орында – Алматы облысы (4,3 ұрлық). Рейтингтегі ең қауіпсіз аймақтар – Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұл облыстарда айына бір көлік қана ұрланады екен.

Шығыс Қазақстан облысын да қауіпсіз аймақтардың қатарына жатқызуға болады. Мұнда айына екі көлік ұрланады. ШҚО рейтингтің 9 сатысында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу