Аягөз қаласында 40-тан астам бейнебақылау камерасы орнатылған
Аягөз ауданының кәмі Ділдәбек Оразбаев Семей қаласында өткен баспасөз конференциясының барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аудан басшысының айтуынша, Аягөзде ірі қара мал басы артып отыр. Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 26391,5 млн теңгені құрады. Негізгі капиталға құйылған инвестиция екі жарым есе артты.
Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасын өсірмеу бойынша тиімді шаралар атқаруда. Мысалы, ауданда апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылады екен. Онда азық-түліктің бағасы нарықтағы бағадан айтарлықтай төмен.
Сонымен қатар, Аягөз қаласындаз аңбұзушылық фактілер жиі орын алатын орындар бойынша мониторинг жүргізіліп, онда бейнебақылау камералары орнатылған. Қала аумағында жергілікті бюджет қаражатына барлығы 40-тан астам камера орнатылыпты. Қауіпсіздік мақсатында көш шамдары таңғы уақытқа дейін сөндірілмейді. Осы шаралардың нәтижесінде қалада қылмыс саны бірден азая түсті.
Келер жылы бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыстар жалғасын табады. 20-ға жуық камера теміржол өтетін Ақтоғай ауылына орнатылады деп жоспарлануда.