KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

Аягөз әкімі: «Сүт, май, ет әкеп сатуға орын тегін беріледі»

19.05.2020, 07:59 203

Аудан әкімімен кездескен ауданындағы Тарбағатай ауылдық округ тұрғындары жәрмеңке мәселесін  көтерген.

Әкімнің айтуынша, жәрмеңке жақын күндері жанданып, ауылшаруашылығы өнімдерін саудалаушылар үшін орын тегін берілетін болды. Бұл туралы Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшада жазды.

-    Жәрмеңке бүгін-ертең іске қосылатын болады. Бұл жерде жылжымалы лаборатория іске қосылады. Сүт, май, ет т.с.с. әкеп сатуларына болатындығын айттым. Орын тегін берілетін болады. Ауыл тұрғындары Мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант туралы да көтерген. Грант беру комиссия арқылы сараптала отырып берілетін болады. Яғни, бірінші кезекте кімде малы жоқ, жағдайына қарай беретін боламыз, - дейді аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев.

Әкімнің айтуынша, биыл 250 адамға кәсіп бастау мақсатында грант берілмек. .

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу