Әлем чемпионатында Тарбағатайдың екі балуаны алтын алды
Нұр-Сұлтан қаласында қазақ күресінен VIII әлем чемпионаты өтті. Жарыста шығысқазақстандық балуандар жүлделі орындардан көрінді.
33 мемлекеттен 300-ге жуық балуан қатысқан байрақты бәсекеде Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылының тумасы, 60 келіде белдескен Архат Қайырбеков моңғолиялық балуаннан айласын асырып, әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ, 90 келіде Тарбағатай ауданы Сәтбаев ауылының тумасы Дастан Ықыбаев та бозкілемде атой салып, алтын медаль тағынды.
Чемпионаттың негізгі кезеңі – 100 келіден жоғары салмақта Ұлан ауданының тумасы Талғат Әміренов қола жүлде алды.
Оқи отырыңыз