KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
475.18 510.72 5.47

Айбек жерлестері үшін жеңімпаз – Ермак Сәлімов

3.12.2019, 05:30 193

Семей әкімі Ермак Сәлімов «Әлем барысында» күміс жүлде иеленген Айбек Нұғымаровты жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

33 балуан қатысқан байрақты бәсеке, Алматы қаласы Балуан Шолақ атындағы  спорт сарайында өткен болатын. Екі дүркін «Әлем барысы» атанған Айбек Нұғымаров бұл жолы күміс жүлдеге ие болды.

-        Төрт жыл қатарынан осындай байрақты бәсекенің финалында өнер көрсетудің өзі үлкен жеңіс деп санаймын. Айбектей алтын асықтай ұлдың ата-анасына алғыс білдіре отырып, жарқын жеңістер тілеймін. Семей сенімен мақтанады! Алға, Айбек бауырым! – деді қала әкімі өз жазбасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив