KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.72 482.28 4.9

«Айықтырғышта орын жоқ». Өскеменде ішкіштер көбейді

11.12.2019, 05:56 107

Өскемендегі полицейлер қоғамдық орындарда мас күйінде ұсталған тұрғындарды үйлеріне апаруға мәжбүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өйткені қаладағы уақытша бейімделу және детоксикация орталығында бос орын жоқ. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мереке күндері мас күйінде ұсталатындардың саны 90-100 адамға дейін жетеді.

– Мас адамдар жиі құқық бұзушылық жасайды. Сол себепті оларды арнайы орталыққа жеткіземіз. Ұсталғандарды орталықтағы дәрігерлер тексереді. Егер ауруханаға жатқызу қажет болмаса, онда патрульдік экипаждар азаматтарды үйіне жеткізеді. Ал қазір бірден үйіне жеткізуге мәжбүрміз. Өйткені «айықтырғышта» орын жоқ, – дейді патрульдік полиция батальоны ротасының командирі полиция майоры Бейбіт Мұсақанов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив