KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
529.7 545.96 5.17

Өскеменде өртенген "дачадан" адамның денесі табылды

9.12.2019, 10:45 142

Бүгін Өскемендегі «Дорожник» атты «дачалар» серіктестігінде үй өртеніп, адам қаза болды.

Қаладағы төтенше жағдайлар басқармасының ақпаратынша, оқиға таңғы сағат 10-да Насосная көшесіндегі бір үйде болған. Өрт сөндірушілерді сол маңдағы тұрғындар шақырған.

«Үйдің шатыры, ағаштан жабылған төбесі, балконы, есік-терезелері жанып кеткен. Жалпы аумағы 94 шаршы метр жер, сондай-ақ көрші үйдің 6 шаршы метр жері сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда», – делінген басқарма ақпаратында.

Өрт сөндіру барысында үйден 58 жастағы ер адамның денесі табылған.

Төтенше жағдай қызметкерлері биыл тұрғындардың қауіпсіздік сақтамауы салдарынан көптеген өрт оқиғалары тіркелгенін айтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу