KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

"Тұрғындарға тегін". Шар қаласында спорт кешені салынып жатыр

9.12.2019, 06:02 286

Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожиннің баспасөз конферениясында төрт елді мекенді абаттандыруға облыс бюджетінен 140 миллион теңге бөлінгені айтылды.

Қалбатау ауылында төрт шағын футбол алаңы, төрт Street workout алаңы, бір балалар ойын алаңы салынды. Сондай-ақ Жаңғызтөбе, Әуезов кенттері мен Шар қаласында 30 миллион теңгеге Street workout алаңдары ашылды. Шар қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешеіннің құрылысы басталды. Болашақта онда тұрғындар спортпен тегін шұғылдана алады.

– Сегіз мыңнан астам халқы бар Шар қаласында жөнді спорт кешені болмаған. Қазір оның құрылысы басталды. Осы жылы оған 55 миллион теңге қаражат бөлінді. Мердігерлер ғимараттың жертөлесін фитнес, ауыр атлетикаға арнамақ. Сондай-ақ онда бокс үйірмесі болады, – деді аудан әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив