KZ
Өскемен
-6°
туман жел 2 м/с, СБ
505.53 593.44 6.34

ШҚО әкімін алдаған мектеп директоры жұмысынан босатылды

3.12.2019, 10:23 162

Облыс әкімі Даниал Ахметовті алдаған мектеп директоры жұмысынан босатылды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Өткен аптада облыс әкімі Даниал Ахметов Согра шағын ауданындағы №23 мектепке жұмыс сапарымен барды. Бала санының артуына байланысты мектеп жанынан салынып жатқан қосымша ғимараттың құрылысымен танысты. Мектеп директоры ғимараттың құрылысы аяқталып, қазіргі уақытта сабақ жүргізіліп жатқанын айтқан.

«Алайда, кейінірек ата-аналар арызданып, жаңа корпустың құрылысы әлі аяқталмағандығын айтты.

Тапсырмам бойынша тексеру жүргізілді. Өкінішке қарай, жаңа корпуста ешкім оқымайтындығы анықталды. Ал ғимарат расымен-ақ әлі қолданысқа берілмеген.

Нысанның мерзімінде өткізілмеуі және біле тұра жалған ақпарат беруі себепті аталмыш мектеп директоры қызметінен босатылды. Ал облыстық білім басқармасының басшысына сөгіс жарияланды», – деп жазды бұл жәйтқа байланысты Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу