KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Ольга Рыпаковаға 11 жылдан кейін күміс медаль берілді - допинг

3.12.2019, 04:28 194

Ольга Рыпакова 2008 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдесін биыл алды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Ұлттық Олимпиада комитетінің «Алтын самғау» премиясын табыстау салтанатында Ольга Рыпакова 2008 жылғы Олимпиаданың күміс медалін қоса алды. Айта кету керек, жуықта допингке қарсы тексеру барысында Ольганың алдындағы екі спортшы жүлдесінен айырылған болатын.

Атап айтқанда, 2016 жылдың 17 қарашасында грек спортшысы Хрисопия Дветцидің қола жүлдесі, ал 2017 жылдың 25 қаңтарында орыс атлеті Татьяна Лебедеваның күміс жүлдесі алынған болатын. Бұл екі спортшның рұқсат етілмеген заттардың пайдаланғаны анықталды.

Ал осы Олимпиаданың алтын медалі камерундық Франсуаза Этонда қалды.

Айта кетейік, Ольга Рыпакова қазіргі таңда Токио Олимпиадасына қатысуға дайындалып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив