KZ
Өскемен
-22°
туман жел 2 м/с, З
518.14 537.57 5.27

Отыздан астам этникалық қазақ рұқсат алды

29.11.2019, 06:07 126

Өңірде ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап отыздан астам этникалық қазақ Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мәселен, Зайсан ауданында полицияға 81 жастағы қария жүгінген. Айтуынша, 2017 жылы қария «оралман» дәрежесін алған соң, отбасылық жағдайымен шұғыл түрде Қытай Халық Республикасына қайтуға тура келген. Алайда тек биыл ғана қайтып оралған.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді елімізде жүріп жатқан акцияның арқасында оған қажетті құжаттарды қайтадан жинаудың еш қажеті жоқ. «Оралман» дәрежесін ұзартқан соң, ақсақалға 2019 жылдың соңына дейін жеңілдетілген тәртіппен өзінің тарихи отанында азаматтық алуға мүмкіндік бар.

Еске салсақ, ІІМ бастамасымен 2019 жылдың қыркүйегінен бастап еліміз бойынша бірыңғай акция жүргізілуде. Оның аясында «оралман» дәрежесін алған және 6 айдан аса (183 күн) мемлекеттен тыс жерде жүрген тұлғаларға Қазақстан аумағында тұрақты тұруға рұқсат беру қалпына келтірілмек.

Құжаттарды рәсімдеудің бұл жаңа әрі тиімді кезеңі оларға қысқа мерзім ішінде барлық құжаттарды қайта жинамастан, елімізде тұрақты тұруды рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Аталған акция 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу