KZ
Өскемен
-10°
ясно жел 1 м/с, ОШ
504.6 594.27 6.48

110 пәтер әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдеріне беріледі – ШҚО

29.11.2019, 03:49 210

ШҚО-да 110 пәтер әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдеріне берілмек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, кеше ғана Шығыста жиырма отбасы қоныстойын тойлаған болатын. Жаңа пәтер иелерін құттықтаған аймақ басшысы, жақын арада көппәтерлі төрт тұрғын-үйдің құрылысы аяқталатынын жазған.

- Айта кетейін, алдағы таңда төрт үйдің құрылысы аяқталады. Бұл 600 пәтер. Олардың екеуі яғни 110 пәтері әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдеріне берілмек, - дейді ол өз жазбасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу