KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

"Тоғызы реанимобиль". Шығысқа жедел жәрдем көліктері келе жатыр

28.11.2019, 03:43 107

ШҚО-ға 59 жедел жәрдем көлігі алынады. Бұл туралы облыстық жедел медициналық жәрдем стансасында өткен брифингте айтылды.

Астана Моторс компаниясы шығарған Hyundai H350 автомобильдері алдағы екі жылда барлық облысқа таратылады. Биылдың өзінде 400-дей көлік жан жаққа жөнелтілді. Соның 59-ы Шығысқа келеді.

– Автомобильдер толықтай жабдығымен келеді. 59 көліктің тоғызы – С класты реанимобиль. Көліктердің барлығы дизельмен жүреді. Бірақ суық өңірлерге арнап оларға пеш орнатылған. Айта кетейік, бізде мұндай жүйемен жүретін көліктер бар. 2017 жылы екі Мерседес алынған болатын. Сондықтан жаңа көлік қандай болар екен деп алаңдауға негіз жоқ, – деді жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері Марат Ластаев.

Оның айтуынша, жаңа көліктердің 17-сі Семейге барады. Қалғаны Өскемен мен оның маңайындағы елдімекендерге «қызмет етеді». Ал Өскеменде бүгінге дейін жүрген көліктердің (барлығы 32) біразы жарамсыз болғандықтан қатардан шығарылады. Қалғаны аудандарға жөнелтіледі.

– Біз енді келесі кезекте аудандардағы жедел жәрдем бекеттерін жабдықтауды қолға аламыз. Аудандарға жол талғамайтын, асты биік көліктер керек, – деді бас дәрігер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив