KZ
Өскемен
-18°
плотный туман Штиль
503.17 600.89 6.63

ШҚО-да азық-түлік тиелген жүк көлігі жанып кетті

27.11.2019, 05:44 1 064

ШҚО-да азық-түлік тиелген жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы Төтенше жағдайдар басқармасы мәлім етті.

Оқиға 26-шы қараша күні Қалбатау-Семей тасжолында болған. Азық-түлік тиелген көлік түстен кейін жана бастапты. Өрттің жалпы ауданы 40 шаршы метр. Жалын сағат 17:37 шамасында ауыздықталған. Зардап шеккендер жоқ. Мамандар, өрттің шығуына қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолданған деп болжам жасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу