Өскеменде этнофестиваль өтті (фоторепортаж)
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында "Шығыс Қазақстандағы халықтардың мәдени мұрасы" атты этнофестиваль өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс орталығының тұрғындары іс-шараны тамашалау үшін "Достық үйі - қоғамдық келісім орталығына" жиналды. Фестивальда Шығысты мекендеген түрлі халықтың ұлттық тағамдары мен киім-кешектері және қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.
Әсіресе қазақ халқының дастарханы бай көрінді. Сый табаққа тартылған бас - қазақтың қонақжай әрі мырза халық екенін паш етіп тұрғандай еді.
Бір қапталда қазақ халқының қолөнер бұйымдары, ою-өрнекті алаша-сырмақтар көз тартып тұрды.
Өзге халықтардың да мәдени мұрасы көрменің көркін кіргізіп тұрды.
Этнофестиваль көрмесінен кейін, концерттік бағдарламаларға кезек берілді. Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова алғашқы сөз кезегін алып, өз лебізін білдірді.