KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, С
441.44 473.09 4.75

Бүгін өскемендіктер Әзірбайжан асханасының тағамдарынан дәм тата алады

8.11.2019, 04:12 150

Бүгін өскемендіктер Әзірбайжан асханасының тағамдарынан дәм тата алады, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Аталмыш шараның өтуіне Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыс әкімдігі мұрындық болған. Шығармашылық пен достықты мақсат еткен мерекені «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Достық үйінің этномәдени бірлестіктері ұйымдастырып отыр. Шаһар тұрғындарын концерттік нөмірлерден бөлек, Әзірбайжан халқының дайындаған тағамдары күтіп тұр.

Әзірбайжан асханасы әлемдегі ең көне, әрі әртектілігімен ерекшеленеді. Бұл елдің тағамдары көбіне сүт, ет, ұн, көкөністен әзірленеді. Астан дәм татып, мерекелік кешке қатысқыңыз келсе, бүгін сағат 12:00-де Достық үйі - қоғамдық келісім орталығына келіңіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив