KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
498.55 524.28 4.75

ШҚО-дағы атақты хорға 45 жыл толды

19.11.2019, 10:49 164

Ұлан ауданындағы Таврия мәдениет үйінің орыс әндерінің халық хоры 45 жасқа толды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыста ғана емес, республикада, шетелдерде танымал ұжым өзінің мерейтойын "С песней по жизни" атты мерекелік бағдарламамен атап өтті.

Аталмыш хордың шығармашылық жолы 1974 жылдан бастау алады. 1980 жылы "Халықтық" атағы берілген еді. Сол кезден бері Қазақстанның түрлі қалаларының, сондай-ақ, Мәскеу, Болгария, Венгрияның сахналарында өнер көрсетіп жүр. Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивальдерінің екі мәрте лауреаты, "Ертіс әуендері" халықаралық Орыс өнері фестивалінің және "Беловодье" Қазақстан-Ресей фольклоры фестивалінің лауреаты және дипломанты атақтарын иеленген.

 Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ұжымды мерейтойымен құттықтап, Алғыс хаттар табыс етті. Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі басшысының орынбасары Н.М. Тищенко хорды грамотамен марапаттады. Славян мәдениеті қоғамының төрағасы А.А. Яковлев орыс музыка мәдениетін насихаттағаны үшін диплом табыстады. Аудандық мәслихаттың депутаты "Кучерин" ЖК директоры С. А. Кучерин мәдениет үйіне микрофондар сыйлады.

Көрермендер орыс әндері халық хоры мен шығармашылық ұжымдарды жылы қарсы алып, туған күн иелерін құттықтады.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу