ШҚО-да өткен қыста 300 адам қар құрсауында қалып қойған
ШҚО-да соңғы 15 күннің ішінде ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты облыс аумағындағы тас жолдарда қозғалысқа 9 рет шектеу қойылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Дмитрий Титов мәлімдеді.
Өткен қыс мезгілінде облыста тас жолдар 119 рет жабылыпты. Құтқарушылар апаттан құтқару жұмыстарына 7 рет шығыпты. Оның нәтижесінде, 300 адам эвакуацияланып, 25-тен астам көлік құралдары қар құрсауынан босатылған.
Оқи отырыңыз