KZ
Өскемен
-10°
туман жел 1 м/с, СБ
498.51 522.84 4.81

Ертеңнен бастап тұрақтандыру қорының өнімдері сатыла бастайды - Өскемен

7.11.2019, 05:56 148

Өскемен қаласында тұрақтандыру қоры 8 қарашадан бастап өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Аймақтық тұрақтандыру қорына 2700 тонна көкөніс салынды. Аталмыш қор жұмысының негізгі мақсаты маусымаралық кезеңде көкөніс бағасын арттыруға жол бермеу. Арзан бағадағы  өнімдер сауда нүктелеріне 8 қарашадан бастап сатылады.

Көкөністердің әлеуметтік түрлері (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) қаланың 18 жеке коммуналдық сауда объектілерінде сатылады. Бір келісі -  77 теңге. Сондай-ақ "Ертіс" ӘКК-ның 15 павильонында бір келісін 70 теңгеге сатып алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу