ШҚО-да рұқсатсыз қоқыс төгілетін 525 полигон анықталды

ШҚО-да 500-ден астам жер телімі тұрмыстық қалдықтар үйіндісіне айналған, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. Бұл туралы Экология департаменті мәлім етті.
Аймақ бойынша 525 рұқсатсыз қоқыс төгілетін орын табылған. Бұл көрсеткіш ғарыштық мониторинг кезінде белгілі болды. Қазір сол нысандардың 57-сі жойылыпты. Департаменттегілер заңсыз қоқыс төгетін жерлерді тексеру үшін 190 рет рейдке шыққан. Рейд соңында аудан және қала әкімдіктеріне хат жолданыпты.
Глубокое, Шемонаиха, Ұлан және Өскемен қаласы әкімдігінің берген мәліметтеріне сенсек, рұқсатсыз пайда болған қоқыс полигондарын тазалау пресс-турынан кейін, облыс бойынша 124 қоқыс үйіндісі жойылған.