KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

"Технодом" мен "Мечта" дүкендеріне айыппұл салынды

5.11.2019, 06:50 237

Абоненттерді тіркемей, SIM-карта сатқан ірі электроника дүкендеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитеті ұялы операторлардың дилерлеріне қатысты тексеруді аяқтады. Нәтижесінде, төрт сауда орыны, оның ішінде "Технодом" және "Мечта" секілді ірі электроника дүкендеріне айыппұл салынып отыр.

Елімізде 42 миллион SIM-карта сатылған екен. Яғни, бір адамға 2-3 абоненттік номерден берілген. Алайда шын мәнісінде олай емес. Арнайы сервис арқылы адамдар өздерінің атына мыңдаған номер тіркелгенін анықтап жатыр. Бір адамның атына, тіпті, 50 мың SIM-карта тіркелген екен.

Абонентті тіркемей номер сатқан ұялы операторлар мен дилерлер жауапқа тартылатыны ескертіледі. Оларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

ЖСН номеріңізге қанша ұялы номер тіркелгендігін арнайы сервисі арқылы тексеруге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу