Өз атыңызға неше ұялы номер тіркей аласыз?
Қазақстандықтар енді өз атына неше т ұялы байланыс номері тіркелгенін тексере алады. Ал неше номер тіркеуге болатыны жайлы ұялы байланыс операторлары айтып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.
Жуықта Петропавл тұрғынының атына 50 мың номер рәсімделгені жайлы ақпарат таралған еді. Барлық номерлер бір қолданушының ЖСН-не байланғаны анықталған.
Өз атыңызға тіркелген номерлерді https://imei.rfs.gov.kz/checkiin/# сілтемесі арқылы тексеруге болатынын еске саламыз.
Ұялы байланыс желісінде бір адамның атына 100-ден артық номер рәсімдемейді екен. Алайда заңнама бойынша бір абонентке тіркелетін номерлердің санына нақты шектеу қойылмаған. Номерді тіркеуге адамның өзі қатысу керек. Басқа адамның атына номер тек бір жағдайда ғана - қолданушысы кәмелеттік жасқа толмаған бала болса, номер ата-анасының атына тіркеледі.