KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

Ұстаздар орманшыларға да көмектесіп жүр. Ағаш отырғызу

30.10.2019, 04:28 74

Семей қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі «NIS Teacher Volunteers» клубының жетекшісі Жазира Құрманованың ұйымдастыруымен қазан айының соңында күзгі орман ағаштарын отырғызу күні өткізілді.

Клуб мүшелері алдымен Жыланды ауылында орналасқан «Семей орманы» МОТР» РММ Жаңасемей филиалына барып, қызметкерлерімен танысып, жұмыс барысы жайлы әңгімелесті. Бұдан соң филиалдағы директордың орынбасары Сымбат Ағламбековтің жетекшілігімен орман ағаштарын отырғызуға жол тартты.

Далалық алқаптағы тамыр жүйесі жабық қарағай көшеттері жап-жасыл және жұмсақтығымен көздің жауын алады. Клуб мүшелері бірден іске кірісіп кетті, небары екі-үш сағат аралығында барлығы 980 түп қарағай көшеттерін отырғызып шықты. Таза ауадағы жұмыстың өнімділігі де жоғары болып, клуб мүшелерінің көңіл-күйлері көтеріліп сала берді. Бұл күнгі іс-шараға шетелдік мұғалімдер қауымы да қатысқан болатын, физика пәнінің мұғалімі Mendieta Crisamie Padilla өзінің үш қызымен барды, жас жеткіншектердің де қызығушылықтары жоғары болып, белсенділікпен жұмыс жасады.

Алдағы уақытта да осындай игілікті істің жалғасын табатындығына сенім білдірген Сымбат Ағламбеков клуб мүшелеріне алғысын жеткізді. Қазақта «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген даналық сөз бар. Ал отырғызылған әр жасыл желектің рухани пайдасы зор. Біріншіден оны еккен адам баласына үлкен сауап болса, екіншіден таза ауа және желді аймақтарға әкелер пайдасы мол екендігі анық.

 

Меруерт Құдабекова

«NIS Teacher Volunteers» клубының мүшесі

Семей қаласы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив