ШҚО-да зейнеткер төртінші қабаттан құлап, қаза болды
ШҚО-да 75 жастағы әйел адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қайғылы оқиға 24 қазанда Семей қаласында болды.
Первомайская көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде төртінші қабаттағы терезеден қарт әйел құлаған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Полицияның ақпараты бойынша, зейнеткер сол күні пәтерде жалғыз болған.
Оқи отырыңыз