Өскеменде екі студент зейнетекерді өрттен құтқарды
86 жастағы зейнеткер өртеніп жатқан үйден шыға алмай қалып қойған. Она сол маңнан өтіп бара жатқан екі бозбала оны құтқарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өскемен қалалық ТЖ басқармасының ақпараты бойынша, өрт 24 қазан күні сағат 22.00-де Депутат көшесінде болған. Үйдің маңындағы қора-қопсыдан басталған жалын көрші үйге ауысыпты.
Осы кезде сол маңнан 17 жастағы әлішер Аянұлы мен 18 жастағы Денис Пичугин өтіп бара жатқан. Өртті көре сала, олар үйге қарай ұмтылып, зейнеткерді дер кезінде құтқарып үлгерген.
Өрттің аумағы 190 шаршы метрді құрап отыр.
Оқи отырыңыз