KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Қазақстанның үш банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

23.10.2019, 11:26 196

Қазақстанның үш банкі әскери қызметкерлерге арналған ипотеканы іске қосты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 «ЦентрКредит», «Сбербанк» және «Halyk банк»  «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне арналған жобасын іске қосып отыр. Бұл ипотека тұрғын үй бағдарламаларының мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді және әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрғын үй мәселелерін шешуге септігін тигіз бек.

Тұрғын үйге ипотекалық қарыз алу үшін қойылатын негізгі талаптар:

- уәкілетті органдар тарапынан әскери қызметшінің тұрғын үйге мұқтаж деп танылуы; 

- үш банктің («Halyk банк», «ЦентрКредит банкі» және «Сбербанк») кез келген біреуінде  арнайы ағымдағы шот  ашу;

-  банктер талап ететін басқа да құжаттардың болуы.

Айта кетсек, "7-20-25" бағдарламасы бойынша кредиттеу мөлшерлемесі жылдық 7%, бастапқы жарнасы 20%-дан бастап екенін және кредиттеу мерзімі 25 жылдан аспайтынын еске саламыз. Осы бағдарлама бойынша пәтерлер бастапқы тұрғын үй нарығында ғана, пайдалануға берілген үйлерден сатып алынады. Ал"Баспана Хит" бағдарламасы бойынша кредиттеу мөлшерлемесі жылдық 11%, бастапқы жарнасы 20%-дан бастап және кредиттеу мерзімі 15 жылдан аспайды. Тұрғын үйді бастапқы нарықтан да, қайталама нарықтан да сатып алуға болады".

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу