KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Қазақстанда шетелдіктерге орган ауыстыру отасын жасауға тыйым салынады

23.10.2019, 11:08 188

Шетел азаматтарына Қазақстанда орган ауыстыру отасын жасауға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Министрлік мұндай шешімге жуықта дәрігерлердің үстінен қозғалған қылмыстық істерден кейін келіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда адам ағзаларды заңсыз алу туралы қылмыстық іс қозғалып, белгілі қазақстандық трансплантолог дәрігер қамауға алынған. Бұл оқиғаға шетелдік компанияның қатысы бар еді. Сондай-ақ, орган алушы реципиент те, донор да шетелдің азаматтары болатын.

-"Жалпы органды трансплатациялау – өте күрделі ота. Оған ондаған медицина қызметкерлері қатысады. Сәйкесінше, мұндай отаны астыртын жағдайда жасау мүмкін емес", - дейді министр.

Дегенмен, трансплатацияға қатысты шыққан жанжалдан кейін Қазақстанның аумағында шетелдік азаматтарға орган ауыстыру отасы жасауға тыйым салу ұсынылып отыр екен.

Айта кетсек, Қазақстанда трансплантация жасау өзге елдермен салыстырғанда арзан болып табылады. Еуропа елдерінде мұндай отаның құны 80-150 мың долларға дейін жетсе, біздің елімізде 7-8 мың доллар көлемінде екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив