KZ
Өскемен
-12°
туман жел 2 м/с, СШ
495.28 518.41 5.44

Вакцинация мәжбүрлі түрде болмайды

14.05.2020, 09:50 201

Қазақстанда екпе салу мәжбүрлі түрде жүргізілмейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Елімізде Денсаулық сақтау туралы жоба қабылданғанын еске саламыз. Осы жобада көрсетілген балаларды вакцинациялау жайлы нормаға қатысты министр өз пікірін білдірді.

- "Қазақстанда вакцинация мәжбүрлі түрде болмайды. Ерікті түрде жасалатын және міндетті түрде жүргізілетін вакцинациялар болады. Бүкіл әлемде солай. Бірақ әр жағдайда ата-ананың шешімі бойынша жасалады, - дейді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, екпе алмаған балалардың құқығына шектеу қоятын норма жоқ екен. Тек бір норма ғана орындалуға тиіс - ол ұжымдық иммунитет, яғни балабақшаға баратын балалардың денсаулығын қорғайтын иммунитет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу