Өскеменде жайылып жүрген жылқылардың иесі жауапқа тартылды
Өскеменннің Есенберлин даңғылы және Көкжал Барақ көшесінің бойында бір үйір жылқы жайылып жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
19 ықшам ауданның тұрғындарынан полицияға бірнеше шағым түскен екен. Айтуынша, Көкжал Барақ көшесі мен Есенберлин даңғылында жылқы жайылып жүреді. Малдың иесі Самсоновка ауылының тұрғыны болып шықты.
Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жылқылардың иесіне қатысты алты әкімшілік хаттама толтырылып, Әкімшілік кодекстің 505-ші бабы бойынша жауапқа тартылатын болды.
Оқи отырыңыз