Өскеменде 16 жастағы жасөспірім жетінші қабаттан құлап кетті
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Өскеменде 16 жастағы қыз бала жетінші қабаттан құлап көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қайғылы оқиға кеше, қаланың Стрелка ауданында болды. Жасөспірімнің қаза болу фактісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
– Алдын ала болжам бойынша, қыз өз-өзіне қол жұмсаған. Тергеу шаралары жалғасуда, сараптама тағайындалды, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз