KZ
Өскемен
-18°
туман Штиль
508.91 594.36 6.33

Өскеменде жаңа форматта лекция-концерт өтті

18.10.2019, 11:12 321

Ықылым заманнан бері көңіл пернесін басып, жүрек қылын шерткен домбыраның үнінде қаншама сыр жатыр. Бүгін өскемендіктер жалпақ жұртқа белгілі күйлердің көпшілік біле бермейтін тарихымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Күй – шежіре, күй – мұра» концерті Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған. Жастар жылында өткізілген күй кешіне ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушысы Рысханов Шалқардың студенттері қатысты.

–      Бүгіні кештің басты мақсаты, жастарға рухани азық сыйлау. Қазақтың күй өнері жайлы және олардың тарихымен таныстыру. Жас домбырашылардың концерті енді ай сайын өткізіледі, – дейді Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушысы Шалқар Рысханов.

Лекция-концерттің өзге кештерден ерекшелігі, студенттер күйді орындап қана қоймай, белгілі күйдің белгісіз тарихы жайлы  айтып берді. Олардың ішінде, «Ноғайлының зары», «Нар идірген», «Ақсақ Марал», «Жалқы жігіт», «Ел айырылған», «Қарасай қази», «Кеңес» және тағы да басқа күйлер бар.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу