KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОБ
519.61 610.13 6.54

Синоптиктер ескерту жариялады: 17 қазаннан бастап ШҚО-да күн суытады

16.10.2019, 09:13 800

Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 қазанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан cоққан жел солтүстік-батысқа ауысады.

Желдің күші - 15-20, екпіні - 23-28 м/с. Осы күні Өскемен қаласында оңтүстік-батыстан cоққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

17 қазан Семей қаласында оңтүстік-батыстан cоғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу