KZ
Өскемен
-22°
туман жел 2 м/с, СБ
517.84 543.11 5.28

Автобустардың 65 пайызы әбден ескірген - ШҚО

14.10.2019, 05:48 74

Өскеменде жыл басынан бері 51 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, 3 адам қаза тауып, 70 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осы себепті полицейлер мемлекеттік көлік және жол ведомстволарының өкілдерімен кездесіп, жол қауіпсіздігі мәселесін талқылады. Жол полициясы бастығының бірінші орынбасары, полковник Жанболат Қалетаевтың айтуынша, жол апатының жиілеуіне жүргізушілер тәртібінің төмендігі ғана емес, автобустардың техникалық жағдайы себеп боған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша дәл осы техникалық ақауларға байланысты 425 жол жүру ережесін бұзу фактісі тіркелген. Солардың 135-і әкімшілік жазаға тартылыпты.

Жиналыста қолданыстағы автобустардың 65%-ы 8 жылдан артық жұмыс істеп келе жатқаны жайлы және олардың техникалық жағдайының аянышты күйде екені айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу