KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
511.22 540.05 4.73

Теңге 1,4%-ға әлсіреді. Ұлттық банк мәлімдеме жасады.

14.10.2019, 04:26 154

Жыл басынан бері доллар дамылсыз өсіп, теңге тоқтаусыз төмендеп келеді. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев валюта бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

– Қыркүйек айында валюта нарығындағы ахуал мұнай нарығының «қысымында» болды. 16 қыркүйекте мұнай бағасы 69 долларға өссе, 2 қазанда мұнай баррелі 57,7 долларға дейін төмендеді. Нәтижесінде, қыркүйектен бері 11 қазанға дейін доллар 385,27-390 теңге аралығында өзгерді. Осы кезеңде ұлттық валютаның әлсіреуі 0,5 пайызға тең болды, – деді Досаев.

Ұлттық банктың мәліметінше, 11 қазанда теңгенің курсы 389,51 болды. Бұл жыл басынан бері теңгенің 1,4 пайызға әлсірегенін көрсетеді.

Ал бүгін доллар 391-392 теңгеден сатылып жатыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу