KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Бошай Кітапбаевты еске алуға арналған шахмат турнирі қорытындыланды

21.10.2019, 04:13 172

Әйгілі атбегі, ғалым, шежіреші, Социалистік Еңбек Ері Бошай Кітапбаевты еске алуға арналған шахматтан ерлер арасында облыстық чемпионат мәреге жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Жарыс қорытындысы бойынша спорт шеберлігіне үміткер Қайрат Ермеков 11 турдан 10 ұпай жинап Чемпион атанды. ІІ орынды жартылай финалдың жеңімпазы Александр Шевченко алса, ІІІ орынды Бергер коэффиценті бойынша жоғарғы балл жинап Борис Бланк жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздарына облыстық спорт басқармасы атынан мадақтама және спонсор тарапынан естелік кубоктар, медаль және ақшалай сыйлық табысталды, – дейді шахматтан облыстың бас тренері Алмагүл Чакеева.

Ол шахмат федерациясы тарапынан шараға демеуші болған Кітапбаевтар әулетіне және А.Пушкин атындағы кітапхана әкімшілігіне алғыс айтты.

Айта кетейік, енді Қайрат Ермеков облыс атынан республикалық додаға барады.

– Әкеміз жүйрік жылқылардан бөлек шахматқа да сондай құмар еді. Оның шахматқұмарлығы қатардағы әуесқойлықтан жоғары тұратын. Үйде шахматқа қатысты кітаптар жинайтын. Содан оқып дайындалатын. Соғыста бір аяғын беріп, госпитальда жатқанда осы ойынға мықтап ден қойған екен, – дейді жарыс демеушісі Марат Бошайұлы.рат

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив