KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да басқарма басшысы 70 млн теңге жымқырды

11.10.2019, 07:21 253

ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысына аймақтағы үш нысанның құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр. Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, облыстық Энергетика және ТҮКШ басшысы Алмат Арсламбаев пен «ШҚО тұрғын үй-пайдалану басқармасы» ЖШС директоры А. Ж. Әубәкіроваға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірқатар қылмыстар бойынша іс қозғалған.

Олар "ШҚО Өскемен қаласының Самар тас жолы бойынша "Өркен-ЖМК" индустриялық аймағына инфрақұрылым құрылысы", "ШҚО Ұлан ауданы Украинка ауылындағы су құбыры мен су тарту желілері құрылысы", "ШҚО Ұлан ауданы Сағыр ауылындағы сумен жабдықтау желілерінің құрылысы" нысандары бойынша 70,1 млн теңге сомаға орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

9 қазан күні Өскемен қалалық № 2 соты аталған тұлғаларға қатысты үкім шығарылды. Арсламбаевқа мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектеу, ал Әубәкіроваға мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 7 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды (баласы он төрт жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылып отыр).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу