KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

GGG-дің келесі қарсыласы белгілі болды

10.10.2019, 05:33 205

Даңқты GGG-дің келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Күні кеше орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қайтарып алған қазақстандық Геннадий Головкиннің енді кіммен жұдырықтасатыны жайлы айтылды.

«GGG» поляк Камил Шереметамен шаршы алаңға шығуы мүмкін. Бұған дейін қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер Шереметаны ықтимал қарсыластар тізіміне қосқан еді. 

– Головкин титулдарын Шереметаға қарсы жекпе-жекте қорғау бойынша келісімшартқа отырды. Енді бұл жекпе-жек міндетті жекпе-жек саналуы үшін IBF-тің келісімі керек. Егер Сауль Альварес трилогияны мамырда өткізуден бас тартса, бұл жекпе-жек келесі жылдың басында болады, – деп жазды журналист Майкл Бенсон Twitter-парақшасында.

Головкиннің соңғы жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткен. Кездесу 12 раундқа созылып, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңген болатын. Осылайша, Головкин IBF және IBO титулдарын иеленген еді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив