KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Фискалды чек бермегендер жайлы ақпарат үшін 1000 теңге алуға болады

4.10.2019, 06:39 160

Мұндай сыйақы чек бермейтіндерді әшкерелеуге бағытталған «Азаматтық бақылау»  жобасының аясында мүмкін болып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кез келген адам чек берілмегені туралы ақпарат үшін 1000 теңге сыйақы алады екен. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін бұл шара пилоттық жоба ретінде тамыз айынан Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған болатын. 30 қыркүйектен бастап республика көлемінде жүзеге асырылды.

Алайда сыйақыға алу үшін бірқатар талаптарды орындау қажет екен. Атап айтқанда, чек беруден бас тартқан сәтті бейнежазбаға түсіріп, дүкен, сауда үйі не базардың толық мекен-жайы және басқа да мәліметтер көрсетілу керек.

Бейнежазбаларды «Wipon» ұялы қосымшасы арқылы жолдайды. Қосымшаны Apple App Store және Google Play market арқылы жүктеуге болады.

Шағымдармен қатар адам өзінің аты-жөнін, ЖСН және байланыс телефонын көрсетіп, жазуға тиіс. Осы реквизиттер арқылы сыйақы төленеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив