«Мың теңге сыйақы». Түбіртек бермесе, қайда хабарласу керек?

Қазақстанда «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
"Кез-келген үміткер акцияға қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органында қаралады. Фискалдық чекті бермеуге байланысты бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін App Store және Play market-тен «Wipon» мобилді қосымшаны тегін жүктеп, ақпарат беру керек. Фактісі расталған жағдайда телефонға баланс түрінде (1000 теңге) сыйақы алуға болады", – деп жызылған Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.
2019 жылы акция барысында 940 факт расталып, хабар берген азаматтарға 940 мың теңге сомасында сыйақы төленген.