Катонқарағайда инвест форум өтті
2 қазан күні Катонқарағай ауылында «Катонқарағай ауданының болашағына саналы көзқарас» атты ауқымды инвестициялық форум өтті.
«Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы» қоғамдық қоры, ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен аудан әкімдігі бірлесе ұйымдастырған форум шырайлы өлкеміздің туристік кластерін дамыту мәселелеріне бағытталған алғашқы шара болып табылады. Оны өткізудегі басты мақсат–ауданымыздың тұрақты дамуы үшін бизнес қоғамдастықты шоғырландыру.
Ауқымды басқосуға бүгінде Астана, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан, Карағанды, Талдықорған қалаларында еңбек етіп жүрген шағын және орта бизнес саласындағы аудан тумалары, сондай-ақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Kazakh Tourism» жне «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниялары, Қазақстандық Туристік ассоцияциясы мен ACT Kazakhstan сынды еліміздегі ірі туроператорлық компаниялардың өкілдері, Қырғызстан, Моңғолия және Қазақстандағы туристің сала сарапшылары қатысты.